Бювет

Бювет: минералды суды емдік мақсатта ішу (ас қорыту жүйесінің, несеп-жыныс жүйесінің, эндокриндік жүйенің және зат алмасу аурулары кезінде). Ішу кезінде судың терапевтік әсері негізінен ерекше хлоридтік қальций-натрий құрамы және біршама деңгейде минералдануымен шарттастырылған. Хлоридті-натрийлі су асқазан-ішек жолына түскенде қарын сөлінің бөлінуіне көмектесіп, ішектің жиырылуын жақсартады.  

Минералды су – денсаулықтың сиқырлы сусыны!

Біздің Отанымыз пайдалы қазбаларға бай, оның бірі минералды су болып табылады. Минералды судың бальнеологиялық маңызы зор, сонымен бірге ол санаторийлік-курорттық емдеу кезінде кеңінен пайдаланылады. Біздің санаторийде 3000 метрден астам тереңдікте жатқан меншік минералды су ұңғымасы бар. 

Санаторийде минералды су сауықтырудың басты және күшті факторы болып қалады. Дәрігерлер адам диагнозына байланысты суды қабылдау тәртібін белгілейді.

Емдік мақсатта ішу асқазан-ішек жолының аурулары кезінде тиімдірек. Созылмалы гастрит, гепатит, панкреатит, гастродуоденит, ойық жара аурулары, энтерит, колит, холецистит, семіздік, қант диабеті, гипотиреоз, құяң минералды судың көмегімен емделеді.

Бұдан басқа осы әбілхаят суы сыртқа да пайдаланылады. Санаторийде әртүрлі бальнеологиялық ем-шаралар қолданылады – минералды ванна, гинекологиялық, ішекті және қызылиекті сулау.

Ем-шараның құны:

Байланыс деректері:

+7 (727) 300-35-00 (медициналық блоктің тіркеу бөлімі)

 

Минералды су

Қазақстан Республикасының жер асты сулары Алматылық кен орны «Алматы» санаторийінің учаскесі №1980 ұңғымасы минералды суының медициналық тұжырымдамасы

 

 «Алматы» санаторийі учаскесінің жылы минералды суы құрамында табиғи йод пен кремний қышқылының емдік-профилактикалық концентрациясы бар емдік-асханалық әлсіз минералданған сілтілі хлоридтік кальций-натрий суларының ерекше түрі болып табылады.     

 

Айрықша ерекшеліктері:

Минералды су дәрі-дәрмексіз емдеу және бірқатар аурулардың, оның ішінде ас қорыту мүшелері, тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу құралы болып табылады, сонымен бірге:

Біздің суымыздың ішу кезінде терапевтік әсері негізінен ерекше хлоридтік қальций-натрий құрамы және біршама деңгейде минералдануымен шарттастырылған. Хлоридті-натрийлі су асқазан-ішек жолына түскенде қарын сөлінің бөлінуіне көмектесіп, ішектің жиырылуын жақсартады.

Хлор иондары – ас қорыту процестерін жақсартуға және майларды, ақуыздарды және көмірсуларды сіңіруге көмектеседі.

Натрий иондары – су-тұзды алмасуда маңызды рөл атқарады, ағзаның тіндік және тінаралық сұйықтықтарында қажетті қысымды ұстап тұрады.

Калий ионы -  ферментативтік жүйелерге әсер етеді, тегіс бұлшық етінің жұмысын күшейтеді, ақуызды зат алмасуға қатысады.    

Кальций ионы – жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін күшейтеді, тыныс алу коэффициентін жоғарылатады, иммунитетті көтереді. Қабынуға қарсы әсері бар, сүйектердің өсуіне әсер етеді.

Йод – маңызды микроэлемент, қалқанша бездің функциясын белсендіреді, тиреоидты гормондардың алмасуы және синтезімен байланысты. Йодтың бактерицидтік әсері бар. 

Фтор – ағзада фтордың жетіспеуі сүйектердің, соның ішінде тістің бұзылуына әкеледі. Ол тісжегінің алдын алуға көмектеседі.

Бром - бас ми қабығының тежеу процестерін күшейтеді және орталық нерв жүйесінде қозу мен тежелу процестерінің арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Тыныштандыру әсері бар.

Марганец  - тотығу-тотықсыздану процестеріне әсер етеді, алмасу процестеріне қатысады, ферменттердің қызметін белсендіреді және қаңқаның табиғи дамуы үшін қажетті элемент болып табылады. Ол жүрек-қантамыр жүйесінің тонусын қолдау үшін қажет, нерв жүйесі мен еске сақтауды күшейтуге ықпал етеді, ағзаның қорғаныш функцияларын белсендіреді.

Кремний (метакремний) қышқылы – айқын уытқа қарсы, қабынуға қарсы және тыныштандыру әсерді қамтамасыз етеді.

Емдік ішу асқазан-ішек жолының аурулары кезінде тиімдірек:

1. созылмалы гастрит, гастродуоденит, ойық жара аурулары, энтерит, колит, энтероколит, созылмалы гепатит, холецистит, созылмалы панкреатит кезінде, операция жасалған асқазан аурулары кезінде, постхолецистэктомиялық синдром, бауыр және өт жолдарына оперативтік араласудан кейінгі жағдай (операциядан кейін 3-4 ай өткен соң) кезінде; ішектің қозғалыс және эвакуаторлық функциялары бұзылған функционалдық аурулары кезінде. Ауру белсенді формада (ремиссия кезінде) болмауға тиіс.  

2. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары кезінде (пиелонефрит, цистит, простатит)

3. Зат алмасу және эндокриндік органдардың аурулары кезінде (семіздік, жеңіл формадағы қант диабеті, гипотиреоз, тиреогенді семіздік бар жеңіл формалар, буындар мен омыртқадағы дистрофиялық өзгерістер, құяң).

Минералды суды ішу ережелері

Минералды суды емдік тамақтанумен бірге ішкен тиімді. Минералды сумен емделуді сауықтыру бойынша басқа ем-шаралармен (физиотерапевтік ем-шаралармен, емдік дене шынықтырумен) бірге жүргізген дұрыс. Осы жағдайда емдеу әсері біршама жоғары болады.  

Курортта минералды сумен емделу үй жағдайына қарағанда аса тиімдірек. Бұл науқасқа бір мезгілде санаторийлік-курорттық емдеудің толық кешенінің әсерімен түсіндіріледі: режим, ашуландыратын және күйзелтетін факторлардың болмауы, қоршаған айнала мен климаттың ауысуы (географиялық стресс деп аталады), дене белсенділігі, қосымша емдік шаралар, жағымды эмоциялық жағдай және т.б.

 Минералды сумен емделудің жалпы ережелері

Көптеген аурулар кезінде минералды суды асықпай, аз жұтымдап ішу керек. Осы ішу тәсілі әсіресе асқазан секрециясы төмен науқастарға көрсетілген, өйткені асқазанның секреторлық жұмысын ынталандыру мақсатында асқазанның шырышты қабығы мен оның рецепторларына ұзақ әсер ету қажет.  

Суды тез ішу іш жүргізеді. Минералды судың әсері бұл жағдайда ішекте дамуға тиіс.

Асқазан жарасы және асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары болған кезде көп жұтымдап, бірден ішу керек, бұл асқазанның шырышты қабығын ұзақ тітіркендірмей, минералды судың асқазаннан ішекке тез кетуіне көмектеседі, сол жерде ол асқазан сөлінің шығуын тоқтатуы тиіс.

Минералды сумен емделу кезінде алкоголь ішуге болмайды.

Әр науқас үшін минералды судың бір реттік және тәуліктік мөлшері қандай болу керек.

Емдеуші дәрігер минералды судың ерекшеліктеріне, ауру сипатына, оның жітілігіне, науқастың жағдайына, байланысты бір реттік және тәуліктік мөлшердің шамасы, бір күн ішінде қабылдау саны туралы мәселені шешуге тиіс. Бір реттік мөлшердің шамасы 1 ас қасықтан 1-2 стақанға дейін құбылуы мүмкін.

Әдетте минералды судың тәуліктік мөлшері 600-900 мл құрайды, зәр шығару жолдарының аурулары кезінде 1200-1500 мл дейін суды алты мезгіл қабылдау тағайындалады.

Минералды су аз минералданған, жиі бір мезгілде 200-250 мл немесе 400-500 мл тағайындайды, оларды қабылдау арасында 15-30 мин интервалмен екі мезгіл қабылдау қажет.

Өтемі тұрақсыз жүрек-қантамыр аурулары, асқазанның әлсіреуі, оның эвакуаторлық қабілеттері бұзылған кезде емдік ішуді ¼, 1/3 немесе ½ стақаннан бастайды, суға үйренгеніне қарай толық мөлшерге көшеді.