Пластикалық хирургия

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалының (Almaty Resort) пластикалық хирургия орталығы

Пластикалық операциялардың кең ауқымын жүргізеді:

Орталықта пластикалық хирургия үшін бірегей жағдайлар бар. Операциялық блок заманауи медициналық технологияның жоғары талаптарына сәйкес келеді, наркоз аппараты мен соңғы буынның наркоз аппараты және мониторларымен (Германия), Кarl Storz эндо бейне құрал-жабдығымен, Soring ультрадыбыстық липосакторымен, неміс өндірушілерінің хирургиялық аспаптарымен жабдықталған.

Науқастарға операциядан кейінгі кезеңде жай палаталардың орнына барлық жағдай жасалған (ТV, кондиционер, жеке ванна бөлмесі, халат, шәркелер, косметикалық құралдар) санаторийлік типті 1 орынды жайлы нөмірлер беріледі. Науқастарға санаторийдің зертхана, рентген, УДЗ, физиоемдеу, ванналар, балшықпен емдеу, ішекті сулау, тұз шахтасы, ингаляциялар қызметтерін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Тамақтану: бес реттік мейрамханалық, даяшылар нөмірге әкеледі.

Дәрі-дәрмекпен емдеу де нөмірде жүргізіледі.

Санаторий бассейн, СПА орталығы және жаттығу залы бар 21 га жерге орналасқан. Автокөліктер үшін қорғалатын паркинг бар.

Операцияларды елімізде және басқа елдерде танымал пластикалық хирургтар жүргізеді:

1. Баиров Болат Каленұлы – жоғары категориялы хирург, Қазақстанның пластикалық, реконструктивтік, эстетикалық қоғамының президенті, Ресейдің пластикалық, реконструктивтік, эстетикалық қоғамының толық мүшесі, Еуразиялық пластикалық хирургтар конфедерациясының президенті. 39 жыл өтілі бар. Пластикалық және лазерлік хирургияның әдістерін, эстетикалық медицинаның инвазивтік емес тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанда алғаш рет ерте қартаю кезінде бірегей операциялар жүргізді. Жаңа хирургиялық технологиялар бойынша бірнеше жарияланымның авторы. Пластикалық хирургия кафедрасында мамандандыру және жетілдіру курстарын жүргізеді.

2. Баирова Айгүл Болатбекқызы – пластикалық хирург. Хирургияда жұмыс өтілі – 18 жыл. Қазақстан, Ресей пластикалық, реконструктивтік, эстетикалық қоғамының мүшесі.

Бұл жерде жұмыс істейтін жоғары білікті мамандардың арқасында, сонымен бірге халықаралық стандарттарға толық сәйкес болуына байланыста, біздің орталығымыз пластикалық хирургтарды (бастапқы мамандандыру және жетілдіру) даярлау бойынша кафедраның клиникалық базасы болып таңдалды. Бізде 5 жыл ішінде Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің 37 пластикалық хирургы оқыды.

Жыл сайын біздің орталығымызда шетел мамандарының қатысуымен бірегей операцияларды жүргізу арқылы съездер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

Толық ақпарат алу үшін келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 300 35 00, +7 (727) 300 34 00

Забронировать номер