Спорттық алаңдар

Теннистік корт

«Алматы» санаторийінің аумағында 4 теннистік корт бар. Үлкен теннис – бұл спорт және өмір салты. Спорттың осы түрі энергия беріп, бойды сергітеді. «Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалының теннистік корттарында  әлемдегі танымал «хард» жабыны төселген. Әлемде кәсіби жарыстардың 50% астамы әртүрлі «хардтарда» өткізіледі. Төсем доптың өте тез және бір қалыпты кері серпілісін қамтамасыз етеді. Осы қасиетінің арқасында кері серпілістің жылдамдығын болжауға болады, ал Сіздің ойыныңыздың жылдамдығы барынша жоғары болады. Жабынның күңгірлігі жарықты мүлдем шағылыстырмайды.     

Жаға волейболына арналған алаң 

Жаға волейболына арналған алаң жазғы бассейн мен терраса жанында орналасқан. Ойыннан соң салқын бассейнге түсу жаныңды рахаттандырады.

Әмбебап алаң (мини-футбол, волейбол, баскетбол)

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалы спорттық-сауықтыру кешенінің әмбебап алаңы мини-футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған.

 

 

Забронировать номер