ӘМІР ӘХЕТОВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

4 ақпан 2019

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әхетов Әмір Амантайұлының кенеттен қаза тапқанын азалы түрде хабарлайды.
Әмір Амантайұлы Іс Басқармасы жүйесінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Әр кездері «Алматы» және «Оқжетпес» санаторийлерін, Орталық клиникалық аурухананы, Медициналық орталықтың Ауруханасын басқарды.
Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры, 2017 жылы ғалымдар тобының құрамында ұзақ өмір сүру саласындағы еңбектері үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.    
Әмір Әхетовтің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі қалады.


Ілгері
Брондау Онлайн төлем
Взрослые:
Дети (от 2 до 7 лет):
Дети (от 7 до 14 лет):

Ваша заявка принята!