КЛИМАТОТЕРАПИЯ: КЛИМАТТЫҚ КУРОРТТАРҒА ЕМДЕЛУ ҮШІН КІМ ЖӘНЕ НЕГЕ ЖОЛДАНАДЫ

6 наурыз 2019

Қоршаған ортаның адамға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, өмірлік тонусына тікелей әсер етеді деген пікірмен келіспеуге болмайды. Климаттың жалпы көңіл күйге әсер ететіні бұрыннан мәлім, бірақ жиырмасыншы ғасырдың соңында осы пікір тұтас ғылым – медициналық климатологияның негізіне жатқызылды. Климатолог-мамандар атмосфералық факторлардың адамға әсерін, биоклимат пен денсаулықтың байланысын зерттеумен айналысады. Осы өзара байланыстың арқасында дәрігерлер кейбір аурулармен ауырған кезде үй-жайды ауыстыруды, тұрғылықты жерді ауыстыруды ұсынады, белгілі бір жағдайларда басқа климаттық белдеуге уақытша бару– яғни климаттық курорттарға санаторийлік сауықтыру ғана көрсетілуі мүмкін. Науқастарды әртүрлі климаттық курорттарға жолдау ерекшеліктері туралы бүгін толық айтып береміз.     

Климатотерапия дегеніміз не?

Климатотерапия немесе климатпен емдеу – бұл әдістері науқасқа оның денсаулығына және жалпы ағзасына жағымды әсер ететін арнайы климаттық ем-шаралар мен белгілі бір аумақ климатының мөлшерленген әсерін қолдануға негізделген кешенді емдеу. 

Курорттық жерде климатотерапияны жүргізуге әсер ететін факторлар: курорттық жердің теңіз деңгейінен орналасуы, атмосфералық қысым, қоршаған ортаның орта және ағымдағы температурасы, ауа-райы жағдайы, жауын-шашын мөлшері, күн радиациясының қарқындылығы, ылғалдылық, ауа қозғалысы.

Қоршаған ортаның әсер етуіне негізделген және санаторийлік емдеуде курорттарда қолданылатын климатотерапияның бірнеше түрі бар:

  • аэротерапия – белгілі бір жағдайларда, мысалы, қылқанды орманда, теңіз жағалауында таза ауада жүру және ауа ванналары немесе арнайы жағдайларда күндіз ашық ауада ұйықтау.
  • гелиотерапия (немесе «күнмен емдеу») – мөлшерленген, қатаң мамандардың бақылауымен жүргізіледі, ультракүлгін сәуленің науқас ағзасына әсері.
  •  талассотерапия – теңіз климатымен және теңізде шомылумен емдеу, аэротерапия мен гелиотерапия кешенінде өте тиімді.
  • спелеотерапия – тау қуыстарының, үңгірлердің, тұзды кен орындарының, шахталардың, жасанды жасалған тұзды бөлмелердің (галотерапия) ерекше микроклиматымен емдейтін климатотерапияның салыстырмалы жаңа бөлімі.

Аэротерапия. Аэротерапия қолданылатын ем-шаралар ремиссия фазасындағы тыныс алу мүшелерінің түрлі созылмалы аурулары (бронх демікпесі, өкпе туберкулезы), нерв жүйесінің функционалдық бұзылыстары (невроздар), түрлі жүрек-қантамыр аурулары (атеросклероз), қаназдығы бар науқастарға көрсетілген. Таза ауада жүру адам ағзасына жалпы әлдендіретін және иммунокүшейтуші әсер береді, дене белсенділігін арттырады, зат алмасуды қалпына келтіреді, нерв және жүрек-қантамыр жүйесіне жайлы әсер етеді, ұйқыны жақсартады.  

Гелиотерапия. Климатотерапияның осы әдісін қолдану D гиповитаминозы, тері аурулары (пиодермия, псориаз,әлсіз жазылатын жаралар), сүйек және буын туберкулезы, қанайналым аурулары бар науқастарға, тыныс алу органдарының спецификалық аурулары және нерв жүйесінің функционалдық аурулары болған кезде көрсетілген.   

Талассотерапия. Бұл климатотерапияның күшті емдік-профилактикалық әдісі, сонымен бірге тамаша демалу тәсілі. Теңізде шомылу жалпы ағза тонусын жоғарылатады, науқастардың психоэмоциялық жағдайын жақсартады. Талассотерапия ем-шаралары тыныс алу мүшелерінің әртүрлі созылмалы аурулары, ремиссия фазасындағы қанайналым, тірек-қимыл аппаратының аурулары кезінде, алмасу бұзылыстары бар науқастарға көрсетілген.  

Спелеотерапия. Бұл ем бронх демікпесі және басқа тыныс алу мүшелерінің аурулары бар науқастарға жақсы, сонымен бірге гипертониялық аурулары мен буын аурулары бар науқастарға жайлы әсер етеді, әсіресе осы ем гайморит, фарингит және бронхит сияқты әртүрлі ЛОР-аурулары кезінде көрсетілген.

Санаторийлік климатотерапияның ерекшеліктері

Санаторийлерде климатпен емдеуді жыл бойы жүргізуге болады. Сауықтыру әдістері мамандардың қатаң бақылауымен тіпті қыста да қолданылады. Осындай ем-шаралар ағзаны шынықтыруды еске салады, бірақ ешкім де дайындығы жоқ адамды мұз суатына салмайды. Барлық климаттық ем-шаралар науқастың хал жағдайы мен аурудың ауырлығына қарай ең аз мөлшерлемемен тағайындалады. 

Ем-шаралар аялауыш режим және шағын жүктемемен басталады, науқас ағзасы жаңа жағдайларға жаймен бейімделгенше біртіндеп ұлғайтады. Мұндай кесте ағзаның бейімделу тетігіне аса жоғары жүктемелерге үйренуін және жеке қорғаныш тетіктерін күшейту есебінен қажетті сауықтыру әсерін беруге мүмкіндік береді.

Науқастар белгілі бір курорттарға жалпы хал жағдайы мен ауруына байланысты жолданады. Кез келген аурудың жіті кезеңі әрдайым қарсы көрсетілім болады. Мысалы, несеп-жыныстық жүйесінің аурулары кезінде құрғақ ыстық климат жағдайында санаторийлік емдеу көрсетілген. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын ойдағыдай емдеу үшін тау етегіндегі курорттарды таңдаған дұрыс. 

Әрине, сауықтыру үшін бір климат жеткіліксіз. Санаторийлерде климаттың шипалық әсеріне кең медициналық базаны қосады. Қазіргі заманғы санаторийлер өз науқастарына климатотерапияны тамаша толықтыра алатын және емдеуден барынша көп әсер алуға ықпал ететін  әртүрлі емдік шаралар ұсынады. Сізге емдәм терапиясын, емдік дене шынықтыруды, минералды суды емдік ішуді, балшықпен емдеуді, емдік массажды, әртүрлі бальнео ем-шараларын ұсынады. Осының бәрі климаттық әсермен кешенде науқас ағзасы үшін зор сауықтыру әсерін береді. 


Ілгері
Брондау Онлайн төлем
Взрослые:
Дети (от 2 до 7 лет):
Дети (от 7 до 14 лет):

Ваша заявка принята!