ГОЛЛИВУД КҮЛКІСІН ҚАЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

15 ақпан 2019

«Голливуд күлкісі» сөз тіркесінің құлағымызға іліккеніне бір ғасырдай болады, осы уақыт ішінде оның мағынасы өзгермеді. Сызылған экран сұлулары мен мінсіз джентльмендердің дәуіріндегідей, голливуд күлкісі әсемдігімен еріксіз еліктіретін тістердің үлгі боларлық жағдайын білдіреді. Қазіргі кездегі стандарт – бұл тісжегісіз, саңылаусыз тегіс, ірі аппақ тістер. Алдыңғы тістердің бір-бірімен қатар «түзу» орналасуы  ең әдемі күлкі болып саналады. Әйелдер үшін тіс шеттерінің доғал болуы, ерлер үшін – төртбұрышты болуы мінсіз болып саналады. Осы параметрлер стоматологтар үшін үлгі болады.    

Жетілдіру әдістері

Голливуд күлкісін қалай жасауға болады? Тістер мінсіз болуы үшін дәрігерлерде тұтас құралдар арсеналы бар. Әрине, косметикалық шаралардан емес, емдік шаралардан бастау керек. Ауру тістер ең алдымен емдеуді қажет етеді. Сондықтан күлкіңіздің әдемі болуы үшін тісжегіні емдеп, ауыз қуысының гигиенасы бойынша шараларды жүргізу керек. 

Импланттар

Бір тіс, әсіресе алдыңғы тістердің біреуі болмағанда әдемі күлкі туралы сөз қозғай аламыз ба? Бұл жағдайда протездеу қажет, соның көмегімен тамаша эстетикалық нәтижеге нақты қол жеткізу. Заманауи импланттар табиғи тістерді сыртқы жағынан және функционалдық алмастыра алады. Бұл жағдайда жасанды тістер табиғи көрінеді және қалған тістерден түсі жағынан да, мөлшері жағынан да немесе фактурасы бойынша ажырата алмайсыз.  

Коронкалар

Егер тістің бір бөлігі сақталып, бірақ оның көп бөлігі жоғалып, пломбамен қалпына келтіруге жатпаса, онда дәрігер коронка орнатуды ұсынады. Бұзылған тіс келбетті бұзады, ал тіс коронкасы тістің бұрынғы қалпын келтіруге көмектеседі. Сонымен бірге қалпына келтірілген тіс тіпті көрші тістердің шамалы қисықтығын түзете алады.

Қалпына келтіру


Егер жарықтар, сызаттар, түрді бұзатын тісжегі бұзылыстары немесе тістердің арасы өте үлкен болса, онда науқас қалпына келтіруді пайдалана алады. Бұл композитті материалдарды қолдану арқылы тістерді қалпына келтіру техникасы. Осы жағдайда стоматолог заманауи материалдардың көмегімен кемшіліктерді түзетіп, тістің табиғи пішінін көркем жасайды. 

Винирлер мен люминирлер

Винирлер мен люминирлер тістерді қалпына келтірудің тиімді баламасы болуы мүмкін. Бұл жаңа «салтанатты түр» беретін тіске жапсырылатын ерекше қаптамалар. Винирлер мен люминирлер төрт жоғарғы және төменгі күрек тістерге немесе барлық алдыңғы тістерге алты молярға дейін орналастырылады. Осы тәсілмен тістердің қанағаттандырмайтын пішінін, олардың түсін және шамалы қисықтығын жасыруға болады. Сөйтіп, қаптамалар кез келген голлувуд актерінің арманы алдыңғы қатарда ақ және түзу тістер жасау мүмкіндігін береді.

Брекеттер мен элайнерлер

Кейбір жағдайларда тістердің қисықтығы ешқандай косметикалық құралдармен түзетуге келмейді. Сол кезде дәрігер брекеттер немесе мөлдір кап-элайнерлерді орнатуға кеңес береді. Ортодонтиялық емдеу мінсіз күлкіге қол жеткізудің маңызды қадамы болады, өйткені тістерді тегістейді, олардың арасындағы сүйкімсіз аралықтарды жояды, тістеуді түзетеді, бұл науқастың сыртқы түріне қатты әсер етеді.     

Ағарту

Егер тістері түзу және сау болса, науқасқа оларды ағарту ғана қалады. Кәсіби ағарту белгілі реңкке ағартуға көмектеседі. Науқас қажет түсті арнайы үлгілер бойынша таңдайды. Ақ түстің деңгейі жеке анықталады – біреуге табиғи ақ түс ұнайды, ал кейбіреулер экран жұлдызындай таза аппақ түсті қалайды.  

Дереккөз: fdc-vip.ru


Ілгері
Забронировать Онлайн оплата
Взрослые:
Дети (от 2 до 7 лет):
Дети (от 7 до 14 лет):

Ваша заявка принята!