ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫНА БАРУДЫҢ 5 СЕБЕБІ

12 ақпан 2019

Фитнес-клубтардың барлық маркетологтары жаттығу залына бару ықыласының «маусымдық асқынуы» жаңажылдық корпоративтерге дейін немесе еңбек демалыстарының басталу маусымдарының алдында басталатынын бұрыннан байқаған. Ал біз жаттығу залына барудың 5 орынды «маусымдық емес» себебін тапсақ қайтеді?

  1. Жаттығу залына барудың негізгі себебі – бұл әрдайым өз жағдайыңа қанағаттанбауың. Ол сыртқы түріңе, көңіл-күйіңе, дене үйлесімділігіңе көңіл толмауың болуы мүмкін. Адам арықтап немесе салмақ қосып, бұлшықет өсіріп, проблемалы жерлерін алып тастап – дене мүсінін түзетіп өзгергісі келеді. 
  2. Денсаулықтың нашар болуы – адам өз функционалдық денсаулығын күшейту (сүйек-бұлшықет жүйесін күшейту, жүрек-қантамыр жүйесін жақсарту) үшін залға барады. Біздің денеміз жүктемеге бағдарланған. Егер дене жүктемесі болмаса, ағзамыз біртіндеп жаймен өзінен өзі бұзыла бастайды, одан қашып құтыла алмайсың.
  3. Келесі себеп – аурудан кейін немесе жарақат алған соң оңалу. Яғни емдік мақсатта келу. Бұл проблемалар түрлі болуы мүмкін – буындар, омыртқа, бұлшықеттер... Бұл жағдайда сабақтар дәрігердің ұсынысы және жаттықтырушының басшылығымен жүргізіледі.
  4. Өмір салтын, нәтижесінде өмір сапасын өзгерту. Жаттығу залына бару – көптеген адамдар үшін өмір салтын, тамақтану кестесін, күн тәртібін өзгертуге және т.б. «итермелейді». Адам жасауға күші жетпейтін нәрсесін жаттықтырушының басшылығымен орындай алады.
  5. Жаттығу залына бару себептерінің арасында соңғы орында – үлкен бұлшықет массасын «өсіруге» ұмтылу. Егер үлкен бұлшықет массасын жинау түрінде нәтижеге қол жеткізу туралы айтатын болсақ – бұл спортшыдан залда зор күш салуын, өмір салтын толық өзгертуді қажет етеді, тәжірибеде мұның спорт жаттықтырушысының басшылығымен тұрақты күш жаттығуларымен 2-3 жыл айналысқан соң мүмкін екенін көреміз. Үлкен бұлшықеттер – бұл кәсіби спорт және өмір салты, қарапайым адамда «гипербұлшықеттер» болмайды.    

Дереккөз: iddosug.net


Ілгері
Брондау Онлайн төлем
Взрослые:
Дети (от 2 до 7 лет):
Дети (от 7 до 14 лет):

Ваша заявка принята!